ПОДЕЛИТЬСЯ
02 желтоқсан 2021 | 09:13
Иманбек АЭС-ке барып, жаңа трегіне атом дыбысын жазды
Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) AtomSound музыкалық киножобасының аясында өзінің жаңа трегіне атом дыбысын жазу үшін Ресейдің Ленинград қаласындағы атом электр станциясына барды. Бұл туралы Gazeta.Ru-ға жобаның авторлары хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Музыкалық продюсер ретінде мен үшін өз жұмысымның ғылыми, теориялық бөлігін түсіну маңызды. Көптеген музыканттар шабытпен жасайды, бірақ шабыттың артында ғылым - гармоника, акустика да бар. Шабыт та ғылымның бір түрі деп айтуға болады", - деді Иманбек.
Авторлар музыканың энергия тасымалдаушысы екенін дәлелдейтін деректі фильм жасайды. Атом дыбысын жазу идеясы қарапайым тезистен туды: дыбыс толқындары - атомдардың реттелген тербелісі. Көрермендер диджеймен бірге дұрыс дыбысты табу жолында жүріп, музыкант жұмысының түпкілікті нәтижесін ой елегінен өткізеді.
"Олар айтқандай, кез келген жеткілікті дамыған технология сиқырдан ажыратылмайды. Біз бұл сиқырды фильмде зерттеуге тырысамыз. Елестетіп көріңіз: дыбыстың негізі атом болатын дыбыстардан трек жасаса қалай болады", - дейді Грэмми жеңімпазы.
Трек пен фильмнің премьерасы 2022 жылға жоспарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также