ПОДЕЛИТЬСЯ
15 наурыз 2021 | 15:44
Иманғали Тасмағамбетов "КАМАЗ" директорлар кеңесіне кіруі мүмкін
"КАМАЗ" директорлар кеңесіне Иманғали Тасмағамбетовтың кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы компания сайтындағы хабарламада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"КАМАЗ" директорлар кеңесіне Иманғали Тасмағамбетовтың кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы компания сайтындағы хабарламада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"КАМАЗ" директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне мәселелер енгізу мен кандидаттарды директорлар кеңесіне және компанияның тексеру комиссиясына сайлау үшін енгізу туралы ұсыныстарын қабылдады.
"Сондай-ақ, алғаш рет директорлар кеңесі сайлау үшін екі кандидатура ұсынылды: "КАМАЗ" ЖАҚ қызметкерлерінің біріккен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кирилл Пузырьков және Иманғали Тасмағамбетов.
Кирилл Пузырьков 2020 жылы 6 қазанда кенеттен қайтыс болған "КАМАЗ" ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі Александр Васильевтің мұрагері. Иманғали Тасмағамбетов 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды", - делінген хабарламада.
"КАМАЗ" ЖАҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2021 жылдың 4 маусымына жоспарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также