ПОДЕЛИТЬСЯ
18 желтоқсан 2019 | 12:13
Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды
Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Иманғали Тасмағамбетов қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Еске салайық, Тасмағамбетов бұл қызметке 2017 жылы тағайындалған болатын.
Иманғали Тасмағамбетов ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және білім министрі қызметтерінде болды. 1999 жылдан бастап Атырау облысының әкімі болды. 2002 жылдан бастап ҚР премьер -министрі болды. Ал 2004 жылы ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалса, 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап 2008 жылдың сәуір айына дейін Алматы қаласының әкімі болды. 2008 жылдың сәуір айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Астана қаласының әкімі қызметін атқарды. 2014 жылдың қазан айынан бастап ҚР Қорғаныс министрі қызметінде болды.
Ал 2016 жылы ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған еді.
Показать комментарии
Читайте также