Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/odkb_csto

ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов осы аптада қызметінен кетеді. 27 қарашада Бішкекте ұйымның жарғылық органдарының отырыстары өтеді, онда жаңа бас хатшының кандидатурасы қаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚШҰ-ның ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"ҰҚШҰ сессиясында, 2026–2029 жылдарға арналған үш жылдық кезеңге ҰҚШҰ бас хатшысының кандидатурасын қарау жоспарланған. Сонымен қатар, 2026 жылы ұйымдағы Ресей Федерациясының алдағы төрағалығының басымдықтары жарияланады деп күтіледі", – делінген хабарламада.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) – бұл аймақтық халықаралық ұйым, бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін ұжымдық түрде қорғау мақсатында құрылған әскери-саяси одақ. ҰҚШҰ құрамына Армения (2024 жылдан бастап қатысуы "тоқтатылған"), Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

Реклама
Реклама

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ны 2023 жылдың 1 қаңтарынан бері басқарып келеді. Ол бұл қызметке 2022 жылдың қарашасында Ереванда қабылданған ҰҚШҰ шешімімен тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама