Иманғали Тасмағамбетовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды

© Тұрар Қазанғапов

ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдері Иманғали Тасмағамбетовтың отставкаға кеткені және оның үй қамауына алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде қорғаныс министрінің үй қамауына алынғаны туралы хабарламалар жиі жазылып жүр. Дегенмен министрліктің баспасөз хатшысы Жанар Колбачева мәліметтің жалған екенін хабарлады.

"Әлеуметтік желілерде жарияланған бұл хабарламалар жалған. Айта кететін бір жағдай, Қылмыстық Кодексте азаматтардың құқығына қайшы келетін жалған ақпарат таратуға жаза, айыппұл қарастырылған. Ең бастысы - қазір бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдегім келеді. Өткен аптада министрдің Сарыөзекке жұмыс сапарымен барғанын білесіздер, бүгін таңертең екі бірдей жиналыс өткізді", - деді Колбачаева телефон арқылы.

Реклама
Реклама

"Кез келген жалған ақпаратты тарату заңмен жазаланады. Біз кестеге сәйкес жұмыс істеп жатырмыз, бұл аптада KADEX болады", - деп қоса кетті ол.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама