10 қыркүйек 2022 | 14:20

Импорттаушылар прокурорлар тексерісінен кейін мемлекетке 26,3 миллиард теңге қайтарды

Сұлу Бөлек Корреспондент
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бас прокуратура кеден саласында тексеру жүргізді. Нәтижесінде импорттаушылардан 26,3 миллиард теңге салық пен кедендік төлемдер өндірілді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура кеден саласында тексеру жүргізді. Нәтижесінде импорттаушылардан 26,3 миллиард теңге салық пен кедендік төлемдер өндірілді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеден саласындағы тексерулер нәтижесіндегі қадағалау актісі бойынша сыртқы экономикалық қызметтің жекелеген қатысушыларынан мемлекет кірісіне қосымша 26,3 миллиард теңге кедендік төлемдер мен салықтар өндірілді. Жалпы осы саладағы тексеру бойынша бюджет 47,5 миллиард теңгеге толықты", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі ақпан-мамыр аралығында 10 уәкілетті экономикалық операторға қатысты жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер жүргізілгенін айтты. Кедендік тексерулердің қорытындысы бойынша қосымша 107,7 миллиард теңге кедендік төлемдер, салықтар мен өсім өндірілді.

Мемлекеттік кірістер, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бірлескен шаралар арқылы мемлекеттік бюджетке 45,1 миллиард теңге кедендік төлемдер мен салықтар өндірді.

Қазір мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті экономикалық операторлар мен кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша бірлескен міндеттемелерді көтеретін кеден өкілдеріне қатысты берешекті өндіріп алу бойынша шаралар қабылдауды жалғастырып жатыр.

Бұған дейін сыртқы экономикалық қызметтің (СЭҚ) жекелеген қатысушылары Қытай Халық Республикасынан тауарларды әкелу нарығын монополияландырып алғанын көрсеткен еді. Олардың әрқайсы белгілі бір тауарларға (аяқкиім, киім, қосалқы бөлшектер, техника, жемістер, көкөністер және т.б.) маманданып, елдің нақты аймақтарын өз арасында бөлген.  Кедендік баж салығын төлемеу үшін бір топ импорттаушылар әкелінетін тауарлардың құнын жүйелі түрде төмендетіп отырған.

Тексеруден кейін бюджетке 21 миллиард теңге қайтарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная