Инфляция жыл басынан бері 3,8 пайызға тең болды - Ұлттық банк

© Tengrinews.kz

2017 жыл?ы шілдеде инфляция айлы? к?рсеткіш бойынша 0,1 пайыз де?гейінде ?алыптасты. Б?л со??ы екі жылда, я?ни инфляциялы? таргеттеу режиміне ?ткен кезден бастап е? аз м?нде болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?лтты? банкті? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

2017 жылғы шілдеде инфляция айлық көрсеткіш бойынша 0,1 пайыз деңгейінде қалыптасты. Бұл соңғы екі жылда, яғни инфляциялық таргеттеу режиміне өткен кезден бастап ең аз мәнде болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 айда инфляция 3,8 пайыз болды және өткен жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштен 5,2 пайызға төмен болып қалып отыр.

"Жылдық инфляция шілдеде 7,1 пайызға дейін төмендеді, бұл азық-түлік нарығындағы ахуалдың тұрақтануына себепші болды. Жылдық инфляция 2017 жылға белгіленген 6-8 пайыз дәлізі шегінде тұр. Жылдық көрсеткіштегі базалық инфляцияның көрсеткіші инфляция аясының біртіндеп жақсаруын көрсете отырып, өзінің 6,7 пайызға дейін төмендеуін жалғастырды", - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Банк өкілдерінің айтуынша, өткен айдағы бағаның өсуін пікіртерімге қатысушылардың көпшілігі (43%) қалыпты ретінде қабылдады, ал оны күшті деп бағалаған респонденттердің саны одан 10 пайыздық тармаққа аз. Халықтың бағаның өсуін бағалауы соңғы 12 айда іс жүзінде өзгерген жоқ.

"Келесі 12 ай бойы бағаның өсуін күтетіндер арасында өсу қарқынының ағымдағы деңгейде сақталатындығы туралы пікір басым (үлесі 36,3 пайыздан 38,9 пайызға дейін ұлғайды). 2017 жылғы шілдеде "Сіздің пікіріңізше, жалпы алғанда бағалар келесі 12 айда қалай өзгереді?" деген сұраққа берілген жауаптардың деректері бойынша инфляцияның алдағы бір жылға есептелген сандық бағасы халықтың инфляциялық күтулерінің 2018 жылға арналған нысаналы дәліз шегінде болуын (5-7 пайыз) растайды және 6,4 пайызды құрайды", - деді Ұлттық банктегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама