ПОДЕЛИТЬСЯ
19 ақпан 2021 | 12:05
Instagram-да Денсаулық сақтау министрлігінің жалған парақшасы пайда болды
Instagram-да @minzdrav_rkz атты аккаунт пайда болды. Парақшада Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысы туралы қысқаша ақпараттар жарияланған. Алайда ведомство мәліметінше, бұл парақшаның министрлікке қатысы жоқ, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

ДСМ тек бір ресми парақшасы барын хабарлады: @healthcare.gov.kz.
"@Minzdrav_rkz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің парақшасы емес. Бұл аккаунт бір ғана қолданушыға - @doctor_gereeva_ жазылған, сондықтан аккаунтты жасаушы сол адам деп болжауға болады", - делінген ведомство хабарламасында.
Жалпы, жалған парақшада 26 жазба бар. Олардың бәрі бір күні - 2017 жылғы 15 тамызда жарияланған. Аккаунтқа оған дейін де, одан кейін де бірде-бір хабарлама жарияланбаған. Алайда Instagram қолданушылары Министрлікке жүгінгенде немесе денсаулық сақтау жүйесі жұмысына қатысты шағымдарда осы парақшаны белгілеп жүр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также