“Интеллектуалдық дамуына ықпал“. Түркістан облысында балалар демалысына ерекше назар аударылып отыр

“Интеллектуалдық дамуына ықпал“. Түркістан облысында балалар демалысына ерекше назар аударылып отыр

Түркістан облысында балалардың демалысына ерекше назар аударылып отыр. Республикалық, облыстық байқауларда топ жарған оқушыларға демалыс ұйымдастырылды. Оған қоса жазғы сауықтыру лагерьлерінеің жай-күйіне де көңіл бөлініп отыр. Балаларға жайлы әрі қауіпсіз жазғы демалыс ұйымдастыру үшін лагерьлердің дайындығын осы бастан пысықтау басталып кетті.

Түркістан облысында балалардың демалысына ерекше назар аударылып отыр. Республикалық, облыстық байқауларда топ жарған оқушыларға демалыс ұйымдастырылды. Оған қоса жазғы сауықтыру лагерьлерінеің жай-күйіне де көңіл бөлініп отыр. Балаларға жайлы әрі қауіпсіз жазғы демалыс ұйымдастыру үшін лагерьлердің дайындығын осы бастан пысықтау басталып кетті.

Түркістан облысында Төлеби ауданындағы оқушылар "Тау самалы" шаңғы базасында бір күндік демалысын өткізді. Олардың қатарында 2024-2025 оқу жылында республикалық, облыстық байқауларда топ жарған оқушылар бар. Атап айтсақ, спорт пен өнерде және пән олимпиадаларында үздік нәтиже көрсеткендер болды.

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың ұйымдастыруымен "Тау самалы" демалыс аймағы басшысының қолдауымен өткен саяхатқа 40 бала барды. Олар табиғат аясында серуендеп, тау басына аспалы жолмен шығып, шана, шаңғы теуіп сырғанады. Сондай-ақ, тау басына шыққан оқушыларға туған жердің табиғаты жөнінде ұстаздары мағлұматтар берді. Мұндай игілікті жобалар жыл бойы жалғасады.

Реклама
Реклама

Оқушыларды сапарға аудан әкімі шығарып салып, сапардың сәтті өтуіне ақжарма тілегін арнап, естелік суретке түсті.

"Саяхатқа шыққан адам әлемнің таңғажайып пен тылсымға толы мекендерін өз көзімен көру бақытына ие болады. Алатау баурайындағы "Тау самалы" демалыс аймағына саяхаттап келіңіздер. Сапарларыңыз сәтті өтсін!" – деді аудан әкімі.

Тауға шығып, саф таза ауамен тыныстап, биік шыңнан айналасына көз тастап, демалған оқушылар ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Талай сырға қанық, бойы тұнып тұрған тарих Алатау баурайын өз көздерімен көріп, табиғаттың сұлулығына тамсанып, үйлеріне ерекше сезіммен оралды.

Бұдан бөлек Түркістан облысында жазғы сауықтыру лагерьлерінің дайындығын пысықтау жұмыстары да басталып кетті. Былтыр дайындық көктемде бсаталса биыл көктемді күтпей, қателіктердің алдын алу үшін пысықтауға ертерек кірісіп жатыр.

Облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бірқатар лагерьді аралап, жай-күйімен танысты. Олардың инфрақұрылымы және балаларға көрсетілетін қызмет сапасын зерделеді. Жауапты тұлғаларға тиісті шараларды қолға алып, өткен жылы анықталған кемшіліктерді қайталамау туралы нақты тапсырмалар берді.

Әуелі Ордабасы аудандық білім бөлімінің теңгеріміндегі "Қараспан" лагерінде болды. Жекеменшікке сатылған нысан, сот шешімімен мемлекетке қайтарылды. 2017 жылдан бері жұмысы тоқтап тұрғандықтан Бейсенбай Дәулетұлы нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керегін айтты. Ол үшін 500 млн теңге қаражат қажет. Құрылысын осы жылы жазғы маусымға дейін аяқтап, балаларды қабылдау жоспарлануда. Осы жұмыстар сәтті іске асырылса әр ауысымда 300-ден астам бала тыныға алады. Оған қажет барлық шараларды тиісті деңгейде іске асырып, дайындауды міндеттеді.

Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары Түлкібас ауданы, Келте Машат ауылында орналасқан екі нысанға барды. Отырар аудандық білім бөліміне қарасты "Отырар" және облыстық білім басқармасының теңгеріміндегі "Самал" лагерьлерінің жұмыстарын қадағалады. Бұл нысандарда сауықтырудан өтетін балалардың санын мүмкіндігінше көбейтуді және барлық жағдайлармен қамтуды ескертті. Сондай-ақ "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында аталған ғимараттардың аумақтарында тұрақты түрде сенбілік ұйымдастыруды тапсырды.

Облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, ғимараттардың инфрақұрылымы, жатын орындар, асхананың талаптарға сәйкестігіне үнемі назар аударылып отыруы керек. Бқдан бөлек балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камераларыда тексеріледі.

"Былтыр дайындыққа көктемде кіріскен едік. Биыл көктемді күтпей, қателіктердің алдын алу үшін пысықтауға ертерек қамданамыз. Ғимараттардың инфрақұрылымы, жатын орындардың ахуалы, асхананың санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігіне үнемі назар аударылып, мониторингті тоқтатпау керек. Балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камералары және медициналық пункттер тексеріледі. Жазғы лагерьлер – балалардың демалысын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастырудың басты бағыттарының бірі. Мұнда тек ойын-сауықпен шектелмей, оқушылардың шығармашылық, спорттық және интеллектуалдық дамуына ықпал етуге тиіс. Өмірлік қиын жағдайға тап болған және көпбалалы отбасылардың балаларын қабылдауға басымдық беріңіздер", – деді Бейсенбай Тәжібаев.

Сондай-ақ, алдағы уақытта Түркістан облысы аумағындағы 21 жекеменшік және 9 мемлекеттік лагерьдің жағдайлары тұрақты қадағаланады.

Tengrinews
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама