Интернаттағы балалар өлімі: тергеу нәтижесі шықты

Фото: © 1tv.kz

ШҚО-да Аягөз интернатында қайтыс болған төрт баланың ісіне қатысты ведомствоаралық комиссия тергеуінің нәтижесі жарияданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО-да Аягөз интернатында қайтыс болған төрт баланың ісіне қатысты ведомствоаралық комиссия тергеуінің нәтижесі жарияданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО әкімінің орынбасары Әлишек Мархабат дәрігерлердің шешімін негізге ала отырып, балалардың өліміне қызылшаның қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Бұған дейін балалар қызылшадан қайтыс болды деп жарияланған еді.

"Балалар ай бойы әртүрлі уақытта қайтыс болды. Олардың туа біткен аурулары асқынып кеткен. Алғашқы жағдай 2 сәуір күні болды. 2008 жылы туған бала болатын.

Реклама
Реклама

Екінші жағдай 11 сәуірде болды, 2009 жылы туған бала.

Үшінші жағдай 20 сәуірде болды, 2006 жылы туған бала.

Төртінші жағдай 29 сәуірде болды, 2012 жылы туған қыз.

Дәрігерлердің шығарған қорытындысы бойынша балалардың ауруының асқынуы қызылшаға қатысы жоқ. Бұл туралы тиісті медициналық куәліктер мен актілер бар", - деді ол.

Сонымен қатар, ол қайтыс болған төрт баланың ата-анасы бұрын олардан бас тартқаннын атап өтті.

Ішкі істер органдары ҚК 317-бабы 4-бөлігіне "Абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соққан медициналық немесе фармацевтикалық мамандардың кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауына" сәйкес өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама