Интернет-дүкен арқылы есірткі сатуды ұйымдастырды деген күдікпен 26 жастағы петропавлдық ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер интернет-дүкен арқылы есірткі сатуды ұйымдастырды деген күдікпен 26 жастағы петропавлдықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер интернет-дүкен арқылы есірткі сатуды ұйымдастырды деген күдікпен 26 жастағы петропавлдықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдіктіден 64 капсула гашиш майы тәркіленген. Тінту кезінде оның тұрғылықты жерінен тағы 91 капсула, шприц және осыған ұқсас есірткі заты бар пластик бөтелке алынған. Тәркіленгеннің жалпы салмағы 516 грам болады.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың психотроптық препараттарды өткізу арнасын ұйымдастыруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Алдын ала мәліметке сүйенсек, ол ірі көлемдегі тыйым салынған заттарды қабылдап, жасырын орындарға қалдырып қана қоймай, Қазақстанның бірнеше қаласында есірткі таратқан.

Реклама
Реклама

Күдіктіге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама