29 қазан 2020 15:07

Интернет сапасы нашар болса операторларға айыппұл салынады

Фото: Тұрар Қазанғапов

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет сапасы нашар болса интернет-провайдерлер мен операторларға айыппұл салынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Интернет сапасы бойынша қызмет көрсететін кейбір провайдер немесе оператор үшін параметрлерді бекітеміз. Сапа параметрлерін орындамайтындарға айыппұл салынады. Айыппұл қазіргідей 100 АЕК емес, бірнеше есе ұлғаяды", - деді Мусин ОКҚ онлайн-брифингінде.

Реклама
Реклама

"Әрине біз барлық қалада белгілі бір проблема бар екенін түсінеміз. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентке жол картасын бекіттік, әкімдіктер бізге жеке серіктестіктерді тауып беруге көмектесіп жатыр. Біз өз тарапымыздан радиожиілікті реттейміз. Тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр, қандай да бір қолайсыздық туғызған болсақ, кешірім сұраймыз", - деп қосты министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram