07 тамыз 2023 | 17:43

Интернеттің жоқтығынан цифрлық құжаттарды көрсету мүмкін болмаса, не болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мынадай жағдайды елестетіп көріңіз: сіз телефоныңыздағы цифрлық құжат нұсқаларына сеніп, барлық қағаз құжаттарды үйде қалдырып кеттіңіз. Кейін жол полиция қызметкері тоқтатып, жүргізуші куәлігі мен техникалық байқау құжаттарын көрсетуді сұрайды, сіз телефоныңызды алып, интернет жоқ екенін немесе мобильді трафик бітіп қалғанын түсінесіз. Не істеу керек? Tengri Life қазақстандық көлік жүргізушілеріне жауабын біліп берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жүргізушілер бұл үшін алаңдамауы керек. Оның үстіне, желідегі ақауға байланысты құжаттың ресми электрон көшірмесі болмаған жүргізушілерге полиция айыппұл салмайды.

Полицейлер тоқтатқан кезде құжаттар болмаса және интернеттің болмауына байланысты оның ресми электрон нұсқасын көрсете алмаған жүргізуші не істеуі керек?

Реклама
Реклама

"Біздің қызметкерлерге нұсқау берілді, мұндай жағдайда олар ешқандай талап қоймайды, телефон байланысы болса, кезекші бөлім арқылы барлығын тексере алады.

Радио арқылы радиобайланыс қолжетімді болса кезекші пункттен ақпаратты сұрата алады", - деді Tengri Life тілшісіне ҚР ІІМ баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная