24 мамыр 2016 20:27

Интерполдың іздеуінде жүрген қазақстандық Сауд Арабиясында ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Интерполдың іздеуінде жүрген қазақстандық Сауд Арабиясында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ІІМ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Интерполдың іздеуінде жүрген қазақстандық Сауд Арабиясында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ІІМ баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"ҚР ІІМ Ұлттық орталық бюросының сұранысы бойынша Сауд Арабиясының астанасында 46 жастағы қазақстандық Мұхит Омар ұсталды, ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қарағанды облыстық ІІД іздеуінде болған", - делінген ведомствоның хабарында.

Мұхит Омардың 2006 жылдан 2008 жылға дейін Балхаш қаласындағы AB Metalls ЖШС басқарма төрағасы бола отырып, алдау және сенімге кіру арқылы бөтен адамның мүлкін бірнеше мәрте жымқырғаны айтылады.

"Тергеу барысында жалған құжаттардың қолданылуы, сенімхаттар мен келісімшарттарда жалған қолдың қойылуы, сонымен қатар өзге де алаяқтық әрекеттері анықталды. Шығынның жалпы көлемі 200 миллион теңге. Қазіргі уақытта ұсталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр", - деп хабарлады ҚР ІІМ өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети