31 мамыр 2023 | 21:11

Инвестициялық жоба нәтижесінде төрт мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады

Жамбыл ауданында 2027 жылға дейін 4 инвестициялық жоба жүзеге асады. Инвестициялық жобалардың құны 90 миллиард теңге. Нәтижесінде 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
Бұл туралы Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл ауданында 2027 жылға дейін 4 инвестициялық жоба жүзеге асады. Инвестициялық жобалардың құны 90 миллиард теңге. Нәтижесінде 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
Бұл туралы Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда өңірде кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру бойынша барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Реклама
Реклама

Осы бойынша, өндірістік фабрикаларға инвестиция саласы бойынша негізгі капиталға тартылған қаражат көлемі 7 млрд , оның ішінде бройлер құс фабрикасы "BELES AGRO KZ" ЖШС ,алтын өндіруші "Арсенал" ЖШС, тігін фабрикасы "Алатау" ЖШС, органоминералды тыңайтқыштар мен жемшөп қоспаларын өңдейтін зауыт "ALFA ORGANICS" ЖШС жұмыс орындары жоспарланып отыр.

Өңір басшысы Жамбыл ауданында шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 13 мың 275 субъект тіркелгенін айтады.

"Аймақтың негізгі дамушы күші-ауылшаруашылығы саласы. Аграрлық салада 3780 нысан жұмыс істейді. Осыған орай, аудандық жобалардың негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу", - дейді Нурлан Ертас.

Сондай-ақ,аудандағы проблемалар қатарында ауылішілік жол мәселесі бар. Аудан басшысы аталған мәселені шешу үшін бірқатар шара атқарылып жатқанын жеткізді. Ақпаратына сүйенсек, қазіргі таңда ауданға қарасты 16 елдімекенде ұзындығы 64 шақырым болатын 60 көше орташа жөндеуден өткізіліп жатыр.

Халықтың сұранысы бойынша, Ұзынағаш ауылында жалпы құны 3 миллиард 211 миллион теңгені құрайтын, бір ауысымда 250 адам қабылдай алатын аудандық емхана құрылысына 1,4 миллиард теңге бөлініп, жұмыстар басталды.

Мұнымен қоса, өңір басшысы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, тұрмыс сапасын арттыру үшін барлық жағдай жасалатынын уәде етті. Алда мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес өңір дамуы жоспарын кезең-кезеңімен іске асыратынын баса айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная