ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қараша 2019 | 16:54
Ирактан қазақстандық 14 бала эвакуацияланды
Ирактан қазақстандық 14 бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ирактан қазақстандық 14 бала эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Биыл 27 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған гуманитарлық акция нәтижесінде Ирактан Қазақстанға Ирак түрмесінде өз аналарымен жатқан 14 қазақстандық бала қайтарылды. Олардың аналары сотталып, түрмеде террористік әрекетке қатыстылығы үшін жазасын өтеп жатыр. Аталмыш гуманитарлық акция балалардың аналары мен туған-туыстарының сұрауы бойынша Сыртқы істер министрлігі бірқатар мемлекеттік органдармен, отандық үкіметтік емес құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен тығыз байланыса отырып жүзеге асырды", - делінген СІМ хабарламасында.
"Ирактың билігіне және осы акцияны жүзеге асыруға атсалысқан барлық азамат пен ұйымға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Құжаттандыру үдерісі мен оңалту кезеңі аяқталғаннан кейін балалар өз туыстарымен қауышатын болады. 2019 жыл Қазақстан Республикасы мен ЮНИСЕФ үшін маңызды. Осыдан тура 30 жыл бұрын БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясына қол қойылды, ал ақпан айында біздің осы Конвенцияны ратификациялағанымызға 25 жыл толды", - дейді СІМ өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также