Иран билігі алаяқтық жасады деген айыппен елдегі айтулы миллиардерді өлім жазасына кесті

Фото kp.ru

 Иран билігі банктік алаяқтыққа жол берді деген айыппен еліндегі айтулы   миллиардерді өлім жазасына кесті деп хабарлайды РИА Новости елдің мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Мәлім болғандай миллиардер Махафарид Амир Хосрави банктік істе айла-шарғыға жол беріп 2,6 млрд долларды қолды қылғаны үшін өлім жазасына кесілген.
Кәсіпкерге қатысты үкім Тегеранның солтүстігіндегі Эвин абақтысында шығарылды.
Осы іске байланысты әлі де үш адамды айыптау ісі жүргізілуде. Оларға елдегі ірі банктен қомақты көлемде несие алу үшін жалған құжат жасады және сол қаржы арқылы елдегі мемлекеттік компаниялардың актвитерін иеленуді көздеді деген айып тағылуда.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама