08 қаңтар 2020 14:20

Иранда ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

Камила Долаева Журналист
© twitter.com/Iranian_RCS

Иранда құлаған "Украина халықаралық әуе желілері" ұшағындағы жолаушылар арасында қазақстандықтар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранда құлаған "Украина халықаралық әуе желілері" ұшағындағы жолаушылар арасында қазақстандықтар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап. 

"Иран тарапының ресми ақпараты бойынша, Украина ұшағының бортында қаза болғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Мұның алдында, ҚР СІМ Иранда апатқа ұшыраған ұшақ бортында қазақстандықтар бар-жоғын анықтауға кіріскен

Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың көбі канадалық студенттер болған. Олар украиналық әуе жолын арзан болғандықтан таңдапты. Студенттер 8 қаңтарда таңертең Рождествоға берілген демалыстан кейін оқуға қайтпақ болған. 

Бұған дейін әуе апатынан жеті елдің, соның ішінде Канада, Иран, Украина, Германия, Ұлыбритания, Швеция және Ауғанстан азаматтары қаза тапқаны белгілі болған

Boeing 737 бортында барлығы 168 жолаушы және тоғыз экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram