ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қаңтар 2020 | 15:40
Ирандағы әуе апатынан кейін Қазақстандағы бағыттар қалай өзгереді?
Air Astana Ирандағы әуе апатынан кейін рейс бағыттарын өзгертеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Air Astana Ирандағы әуе апатынан кейін рейс бағыттарын өзгертеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Air Astana Дубайға ұшатын рейс бағытының өзгергенін хабарлады. Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға рейстерді Ирак пен Иранның әуе кеңістігін айналып орындау туралы шешім қабылдады.
Бұл жағдайда ұшу уақыты төмендегідей ұзарады:
Алматы - Дубай 20 минутқа,
Дубай - Алматы 10 минутқа,
Нұр-Сұлтан - Дубай 55 минутқа
Дубай - Нұр-Сұлтан 35 минутқа.
"Жолаушыларды рейстер кестесін airastana.com сайтында немесе брондау және ақпарат орталығының телефондары арқылы тексерулерін сұраймыз", - делінген әуекомпания хабарламасында.
Показать комментарии
Читайте также