ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қыркүйек 2021 | 10:18
Ираннан келген қандастар Солтүстік Қазақстан облысына жеткізілді
Солтүстік Қазақстан облысына Ираннан этникалық қазақтар отбасы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Солтүстік Қазақстан облысына Ираннан этникалық қазақтар отбасы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Қандастардың отбасы жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Мысалы, Петропавлдан 120 шақырым жердегі Николаевка ауылында "Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға 30 үй салынды. Оларға этникалық қазақтардың бір бөлігі қоныстанады.
20 отбасы ұзақ жол жүріп, тұрғылықты жеріне жетті. Ираннан Ақтауға, Ақтаудан Нұр-Сұлтанға, одан солтүстікке. Олар үш елді мекенге: Есіл өңіріндегі Петровка мен Николаевка, сондай-ақ Шал ақын ауданындағы Сергеевкаға қоныстанған.
"Сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен ата-бабамның туған жеріне келгеніме қуаныштымын. Әйелім де қуанышты. Біз балалардың ана тілін білгенін, мәдениетін сақтағанын қалаймыз. Сондықтан осында көшуді ұйғардық", - деді Қазақстанға төрт баласымен көшіп келген қандас Нәжіб.
Николаевкада Ираннан келген 10 отбасы бір көшеге қоныстанған. Олар азаматтық алуға өтініш беріп, жұмыс табуы керек. Кейбіреулер жеке кәсіп ашуды жоспарлап отыр.
Есіл өңірі әкімдігі қандастарға қазақ тілі мен емлесін үйренуге көмек көрсетілетінін айтты. Ол үшін аптасына үш рет тегін сабақтар ұйымдастырылады. Николаевка мен Петровкада аралас білім беретін мектептер бар, сондықтан оған байланысты мәселе шешілді, олар ана тілінде оқиды.
Еске салайық, 15 қыркүйекте Маңғыстау облысына Ираннан 53 қандас мінген ұшақ келген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также