Исекешев: 2025 жылға дейін Астанада 10 емхана ашылады

© Тұрар Қазанғапов

Астана ?аласында халы? саныны? артуына байланысты 2025 жыл?а дейін елордада 10 емхана ашылады. Б?л туралы Мемлекет басшысыны? ?атысуымен ?ткен елорданы? алда?ы дамуы та?ырыбында?ы ке?ес барысында Астана ?кімі ?сет Исекешев м?лімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана ?аласы ?кімдігіні? ресми сайтына сілтеме жасап. 

Астана қаласында халық санының артуына байланысты 2025 жылға дейін елордада 10 емхана ашылады. Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен елорданың алдағы дамуы тақырыбындағы кеңес барысында Астана әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Астана қаласы халық санының артуына байланысты біз 2025 жылға дейін елордада 10 емхананы ашуды жоспарлап отырмыз. Ал, алдағы екі жылда үш емхана ашылады. Біз қазір МЖӘ тетігін қолданамыз. Мысалы, "Жағалау" тұрғын алабында емхана ашу 1,5 миллиард қаржы үнемдеуге және пайдалануға беру мерзімін 2 жыл қысқартуға мүмкіндік береді", - деді Әсет Исекешев.

Сонымен қатар, елордада денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

"Бүгінгі таңда ведомстволық бағынышты медициналық мекемелердің барлығында медициналық ақпараттық жүйелер орнатылып, олардың барлығы ғаламторға қосылған, ауруханалар компьютерлік техникамен жабдықталған", - деді елорда әкімі Әсет Исекешев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен елорданың алдағы дамуы тақырыбындағы кеңес барысында.

"Біз цифрландыруға көп көңіл бөлеміз. Осы мәселемен айналысатын вице-премьер мен Денсаулық сақтау министрі жоспарды бекітті. бүгінгі таңда ведомстволық бағынышты медициналық мекемелердің барлығында медициналық ақпараттық жүйелер орнатылып, олардың барлығы ғаламторға қосылған, ауруханалар компьютерлік техникамен жабдықталған. 1 қыркүйекке дейін дәрігердің жұмыс орны толығымен автоматтандырылып, аймақтық электронды денсаулық паспорты әзірленетін болады", - деді қала әкімі.

Оның айтуынша, қалалық емханаларда көрменің шетелдік қонақтарына күрделі оталар сәтті жасалған.

"Астана ішкі медициналық туризм орталығына айналып отыр. Бүгін елорданың стационарында ем  қабылдаған әр үшінші пациент - басқа өңірдің тұрғыны", - деп атап өтті Исекешев. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама