Исекешев Астана вокзалында жүрген заңсыз такси жүргізушілерін қуып жіберуді тапсырды

Видеодан алынған кадр

Астана ?аласыны? ?кімі ?сет Исекешев елорда вокзалында?ы теміржол м?селесіне ?атысты проблемалармен танысып ?тті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тікелей трансляцияны? видеосы ?кімдікті? Facebook желісіндегі пара?шасында жарияланды.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорда вокзалындағы теміржол мәселесіне қатысты проблемалармен танысып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тікелей трансляцияның видеосы әкімдіктің Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды.

Мүгедектерге арналған орындарда күні-түні пәтерлерді жалға беретін жүргізушілердің тұратыны анықталды. Алайда вокзал қызметкерлері мен полицейлер оларды ол жерден қуып шыға алмай жүр екен. Себебі ол жүргізушілерде мүгедектер кітапшасы бар болып шықты.

"Оларды қуып шығу керек. Егер де мүгедек адамның өзі сол көлікпен келетін болса, онда ол мәселе шешілді. Ал ондағы көліктер пәтерлерді жалға беру үшін жарнамалаумен айналысатын болса, онда бұл жерде заң бұзушылықтар көп деген сөз", - деді Астана әкімі.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, вокзал алдында күнделікті заңсыз жүрген такси жүргізушілері де жетерлік. Олар жолаушыларды Көкшетау, Қарағанды және Павлодар қалаларына жеткізеді екен. Ондай такси жүргізушілерінің саны 581-ге жеткен.

"Вокзалда жүргендер - "Сапаржаймен" жұмыс істеуден бас тартқан заңсыз жүрген такси жүргізушілері. Біз оларды қуатын боламыз. Себебі бұл қаладағы жалғыз вокзал, адамдар көп. 10 желтоқсаннан кейін шектеулер қойып, қажетті жұмыстарды атқаратын боламыз", - деді вокзал өкілі.

Сонымен қатар, елорда әкімі жолаушылардың вагоннан шығатын кезде еш кедергісіз автотұраққа немесе автобус аялдамасына жетіп алуына мүмкіндік жасауды тапсырды. Исекешевтің айтуынша, жолаушылардың көбісі осы себеп бойынша шағым түсіріп жатады.

Айта кетейік, жақын арада вокзалда жаңа қонақүй ашылуы мүмкін екен. Исекешев әкімдіктегілерге осы мәселемен айналысуды және осы жобаға инвестиция тартуды қарастыруларын тапсырды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама