Исекешев Астанадағы жабық даңғыл жобасы жайлы айтып берді

Астана ?кімі ?сет Исекешев Астанада?ы жабы? да??ыл жобасы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астана әкімі Әсет Исекешев Астанадағы жабық даңғыл жобасы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл жоба жеке инвестициялар есебінен болады. Әзірге жоба бойынша есеп жұмыстары ғана жүріп жатыр. Шетелдік инвесторлар да қатысуда. Жұмыс аяқталмай, ештеңе айта алмаймыз. Бұл сәулет құрылысы ғана емес, көптеген жұмыс орны. Сонымен қатар, онда жеке бизнеске де мүмкіндік мол болады, сауда, кретивті индустрия жағынан. ЖСу-жасыл бульварында болады деген ойдамыз", - дейді Исекешев. 

Еске салайық, мұның алдында бұл жоба бойынша Сантьяго Калатрава жұмыс істеп жатқаны хабарланған. Испаниялық сәулетшімен кездесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев жабық даңғыл жобасы туралы айтып берген болатын. 

Реклама
Реклама

"Менің ойым орталықтағы бұл тұрғын кварталында адамдар үйінен киімін ауыстырмай шығатын болады. Мұнда дүкендер, мәдени шаралар, мүмкін Торонтодағыдай мектептер де болады. Сіз осыны жасауға ниет білдірдіңіз", - деген болатын Елбасы. 

Нұрсұлтан Назарбаев Астананы бірегей сәулет туындылары мен жайлылық қана емес, қайталанбас атмосферасы да ерекшелендіретінін атап өткен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама