Ішімдік, Интернет және шектеусіз кездесулер - жаза өтеп жатқан Ермегияевке жағдай жасағандар қамалды

Ішімдік, Интернет және шектеусіз кездесулер - жаза өтеп жатқан Ермегияевке жағдай жасағандар қамалды Талғат Ермегияев

Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросыны? ?кілдері Астана ?аласында?ы ?ата? т?ртіптегі колония басшылы?ыны? "Астана ЭКСПО-2017" бас?армасыны? экс-т?ра?асы Тал?ат Ермегияевке ?ам?орлы? ?рекеттерін аны?тап, жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері Астана қаласындағы қатаң тәртіптегі колония басшылығының "Астана ЭКСПО-2017" басқармасының экс-төрағасы Талғат Ермегияевке қамқорлық әрекеттерін анықтап, жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жазасын өтеп жатқан Ермегияевке ыңғайлы жағдай жасады деген күдікпен ЕЦ-166/10 түзету мекемесінің басшысы әділет полковнигі Ң.С.Әбен мен оның орынбасары әділет майоры Т.О.Мұсаев ұсталып, қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Бұл лауазымды тұлғалардың Ермегияевке алкогольді ішімдік ішуіне, ұялы телефон мен интернет қолдануына мүмкіндік жасағаны, сондай-ақ шектеусіз кездесулер ұйымдастырғаны айтылады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, қылмыстық-атқару жүйесінің 13 лауазымды тұлғасына қатысты жаза қолданылған. Тергеу жалғасып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама