Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды Берік Бисенқұлов.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары болып, Берік Бисенқұлов тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Байболұлы Бисенқұлов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген сайтта.

50 жастағы Берік Бисенқұлов бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы қызметін атқарған. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Үкімет қайта құрылған кезде Ішкі істер министрлігіне Төтенше жағдайлар министрлігінің функциялары қоса берілген еді. Қалмұханбет Қасымов ведомство басшысы болып қалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама