Ішкі істер минстрлігі Алматы ІІД басшысы Серік Күдебаевқа қатысты тексеріс қорытындысын жариялады

Алматы ?аласы ІІД басшысы генерал-майор Серік К?дебаевты? за??а ?айшы ?рекеттеріне ?атытсты департаментті? жеке ??рамы т?сірген аноним ша?ымы бойынша Ішкі істер министрлігі тексеріс ж?ргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы қаласы ІІД басшысы генерал-майор Серік Күдебаевтың заңға қайшы әрекеттеріне қатытсты департаменттің жеке құрамы түсірген аноним шағымы бойынша Ішкі істер министрлігі тексеріс жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Тексеріс барысында деректе көрсетілген деректер расталмады. Шағымда көрсетілген ІІБ басшылары (Медеу, Наурызбай және Алмалы аудандарының) С.М.Күдебаевқа туыстығы жоқ. Олар біліктілік талаптарына толық сай келеді және оларды тағайындау кезінде бекітілген кадрлық рәсімдер бұзылмаған", - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев. 

Сонымен қатар, барлық ауданның ІІД мен ІІБ-лерінде өткізілген аноним сауалнама "жеке құрам арасында жайлы моральдық-психолгиялық климат барын көрсетіп отыр" және ақша жинау, өзге де заңсыз әрекеттер, соның ішінде С.М.Күдебаевтың қызметтік көрсеткіштерін қолдан көтеру деректері "расталған жоқ".

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама