01 ақпан 2020 18:34

Исламханның "Әл-Айн" командасындағы алғаш ойыны бүгін болады

Камила Долаева Журналист
Бауыржан Исламхан. Сурет: "Әл-Айн" ФК

Бүгін, 1 ақпанда Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан БАӘ-нің "Әл-Айн" командасында дебют жасауы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 1 ақпанда Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан БАӘ-нің "Әл-Айн" командасында дебют жасауы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның жаңа командасы чемпионаттың 15-ші туры аясында өз жерінде "Әл-Васл" құрамасын қабылдайды. Алаң иелері 24 ұпаймен кестеде төртінші орында, ал 22 ұпай жинаған қонақтар 14 клубтың ішінде сегізінші орында тұр.

Реклама
Реклама

"Әл-Айн" - "Әл-Васл" ойыны Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00-де басталады, ал оны мына жерден көруге болады. Бұған дейін команданың бас бапкері Педру Эмануэл Исламхан тізімге түскенін және оның бастапқы құрамда болуын да жоққа шығармаған.

"Әл-Айн" Исламханмен келісімге отырғанын кеше, 31 қаңтарда хабарлаған. Жаңа клубта қазақстандық сегізінші нөмірде өнер көрсетеді. 

Ал Исламханның өзі "Әл-Айн" футболшысы ретінде алғаш сұхбат беріп, жаңа клубпен жаттығу жасап үлгерді. Ол БАӘ чемпионатының ең қымбат ойыншыларының ондығына кірді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram