Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға сапарын кейінге шегерді

Фото: Ақорда

Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға жоспарланған сапары, сондай-ақ, "Орталық Азия - Италия" тұңғыш саммиті шегерілді. Бұл туралы Президенттің кеңесші - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Италия премьер-министрі енді қашан келетінін тараптар келіседі.

"Италия тарапының өтініші бойынша Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға жоспарланған сапары және "Орталық Азия - Италия" тұңғыш саммиті оның Рим Папасы Франциск қайтыс болуына байланысты аза тұту іс-шараларына қатысуына байланысты шегерілді. Мерзімдері қосымша хабарланады", - деді Руслан Желдібай.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланды.

27 сәуірде Астанада "Орталық Азия – Италия" форматындағы тұңғыш саммит өтуі керек еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама