30 қаңтар 2021 16:03

"Итеріп, телефонын тартып алды". Қостанайда тексерушілер караоке-бардан қуып шығарылды

Қостанайда заңсыз жұмыс істейтін караоке-бардың күзетшілері тексеруге келген мониторинг тобын итеріп, ғимараттан шығарып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда заңсыз жұмыс істейтін караоке-бардың күзетшілері тексеруге келген мониторинг тобын итеріп, ғимараттан шығарып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рейд кезінде әкімдік қызметкерлері мен журналистер караоке-бардан қуып шығарылды. Күзетшілер баспасөз өкілінің телефонын тартып алды. Оқиға Қостанайда болған. Ол жерге полиция шақырылды.

Реклама
Реклама

"Мониторингтік топ қызметкерлеріне күш қолданған екі күзетшіге қатысты қылмыстық кодекстің 114-бабы "Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру" бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу аясында сараптама тағайындалады. Онда 60-тан аса адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар да болған", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты "Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жасөспірімдердің жүруіне байланысты мекеме әкімшісі де жауапқа тартылады.

Бұл мекеме карантин шараларын бірнеше рет бұзған, сондықтан олардың қызметін тоқтату туралы материалдар қазір Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram