Ізбасарлары елімізде теракт жасаған жалған уағызшы Қазақстанға қайтарылды

А. Абдужаббаров. © ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

18 а?панда ??К ба?дарлауы бойынша Сауд Арабиясынан ?аза?стан?а республика азаматы А. Абдужаббаров ?айтарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ?аза?стан Республикасы ??К баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

18 ақпанда ҰҚК бағдарлауы бойынша Сауд Арабиясынан Қазақстанға республика азаматы А. Абдужаббаров қайтарылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ол 2015 жылдан бастап, ҚР Қылмыстық кодекстің 174-бабы (діни алауыздықты қоздыру) және 256-бабы (терроризмді насихаттау) бойынша көзделген қылмыстарды жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары шеңберінде оған қатысты тұтқында ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған.
Тергеу ақпараты бойынша Абдужаббаров 2000 жылдары Қазақстанның батыс облыстарының діндарлары арасында "тәкфір" аталмыш идеясын таратқан. Жалған уағыздаушының әрекеті Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларында жасырын радикалды ұйымдардың пайда болуына ықпал еткен", - делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Оның кейбір ізбасарлары елімізде террористік акцияларды жасауға қатысқан делінеді. Өзгелері содырлардың топтарына қосылу үшін Ауғанстан мен Сирияға шығып кеткен. Абдужаббаров 2006 жылдан бері Сауд Арабиясында болып, Қазақстандағы мұсылмандар мен шетелде оқып жатқан студенттерге ықпал етуін жалғастырған.

Реклама
Реклама

"2015 жылдың желтоқсанында экстремисттермен байланысы бар күдікті ретінде Медина қаласында полицияның қолына түскен. 2016 жылдың қазанында Түркияға шығарылып, ол жақта саяси баспана беруден бас тартып, Сауд Арабиясына қайтарылған. "Тәкфірді" ұстанушылар алдымен мұсылмандарды күпірлікпен айыптайтыны белгілі. Олар "сенімсіздерге" қатысты кез-келген әрекет, тіпті өлтіруге де рұқсат етеді. Осыған орай аталған идеология ислам әлемінде басты қатердің бірі ретінде қарастырылады", - делінген ҰҚК-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама