Іздеуде жүрген қазақстандық қыз Доминикан Республикасынан экстрадицияланды

Марина Орумбаева (Невская)

Бүгін, 9 ақпанда Қазақстан Бас прокуратурасының және ІІМ-нің қызметкерлері Доминикан Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Марина Орумбаеваны (Невская) экстрадициялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оған Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  9 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекетке залал келтіре отырып, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деген күдікпен іздеу жарияланған.

Орумбаева қылмыстық қудалау органынан жасырынған және халықаралық іздеуде болған.

Реклама
Реклама

Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауына қарамастан, Бас прокуратураның сұратуын шетел билігі өзаралық қағидасында қанағаттандырды.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама