Измир әкімі қазақстандық студенттерді Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

?аза?стан Республикасыны? Т?уелсіздігі? 25 жылды?ыны? ?арса?ында Т?ркия Республикасы Измир ?аласында ?аза?станды? студенттерді? бастамасымен ?йымдастырылып жат?ан іс-шаралар аясында Измир ?кімі Эрол Айылдыз бір топ ?аза?станды? студентті ?абылдап, ??рмет к?рсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігің 25 жылдығының қарсаңында Түркия Республикасы Измир қаласында қазақстандық студенттердің бастамасымен ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар аясында Измир әкімі Эрол Айылдыз бір топ қазақстандық студентті қабылдап, құрмет көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қабылдау барысында Измир қаласындағы қазақстандық студенттердің топ басшысы Мұрат Оңғарбай еліміздің Тәуелсіздігін алғаш болып мойындаған бауырлас ел Түркия екенін тілге тиек ете отырып, Измирдегі студенттердің ұйытқы болумен өткізгелі жатқан Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жылдығына арналған салтанатты жиынның сыйлы қонағы болуға шақырды, қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрі баяндалған кітап пен естелік сыйлықтар табыс етті.

Реклама
Реклама

Жылы шырайлы өткен кездесуде екі елдің мәдениет, тіл, дін және рухани салалардағы жақындығына тоқталды. Түбі бір бауырлас мемлекет ретінде Измир әкімі Эрол Айылмаз барша қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.

Кездесу соңында Измир қаласының әкімі студенттерге естелік сыйлықтар беріп, табыс тіледі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама