27 шілде 2020 11:36

Израиль Қазақстанға 4,5 миллион теңгеге гуманитарлық көмек жіберді

Фото: pixabay.com

Израиль Қазақстанға 4,5 миллион теңгеге гуманитарлық көмек жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстандағы Израиль елшілігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израиль Қазақстанға 4,5 миллион теңгеге гуманитарлық көмек жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстандағы Израиль елшілігіне сілтеме жасап.

Ел ішінде COVID-19 таралуын тоқтату үшін еңбек етіп жатқан дәрігерлердің денсаулығын қорғайтын құралдар жіберіледі. Гуманитарлық көмек Израильдің МАШАВ халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша агенттігі атынан берілді.

Реклама
Реклама

"Коронавируспен күрес дүние жүзі бойынша өзекті проблема болып отыр және бізге мұндай қиын кезде достарымызды қолдаудың маңызы зор", - деді Израиль елшісі Лиат Вексельман.

Сонымен қатар, Израиль COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеу бойынша қазақстандық тарапты қолдайды. Израиль дәрігерлері қазақстандық әріптестерімен видеоконференция арқылы байлынысқа шығып, кеңес беріп жатыр.

"Біз медицина және басқа да бағыттар бойынша екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниеттіміз", - деп қосты елші.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram