Израильде қалып қойған Диана Назарова кешкісін ұшып шығады

©Diana Nazarova

Ұрыс әрекеттерінің кесірінен Израильде қалып қойған қазақстандық турист Диана Назарова Тель-Авивтен бүгін, 23 шілде күні кешке ұшып шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Израильден Түркияға бір күнге келіп, кері қарай қайта алмай қалған біздің азаматша Диана Назаровамен байланыс жасады. Оның айтуынша, ол өзін жақсы сезінеді, әуе компаниясы оған қонақүйде тұруға мүмкіндік жасаған", - делінген таратылған хабарламада.

Қазақстанның Израильдегі елшілігінің мәліметінше, 23 шілде күні сағат 21.00-де Тель-Авив әуежайынан түрік әуе компаниясының рейсі жоспарланған, қазақстандық турист келіншек сол ұшақпен Түркияға барады. "Қолда бар мәліметтерге қарағанда, 10-15 адамнан тұратын қазақстандық туристер тобы Түркияға ұша алмай қалған. Азаматтардың саны нақтыланып жатыр. Әуе компаниясы олардың бәріне қонақүйде тұруға мүмкіндік берді. Олар да бүгінгі рейспен ұшып келмек", - дейді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, ұрыс әрекеттерінің салдарынан Диана Назарова Израильде қалып қойған еді. Ол Түркияда отбасымен демалып жатқан, ол жақта қызға Израильге бір күндік саяхат жасауға ұсыныс айтылған. Бірақ кейін сапар аяқсыз қалыпты. "Мен Израильде кептеліп қалдым. Мұнда соғыс басталды, палестиналық зымыран құлады, әуежай жабық. Мен байланыста боламын және жуық арада балаларыма ораламын деп үміттенемін", - деп жазған болатын Назарова.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама