15 сәуір 2024 | 10:11

Израильдің Иранның шабуылына жауап беруі ықтимал күн аталды - БАҚ

Иллюстрация: elements.envato.com

Израиль Иранның шабуылына дүйсенбі, 15 сәуірде жауап беруі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Израиль Иранның шабуылына дүйсенбі, 15 сәуірде жауап беруі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Сенбі күнгі Иранның Израильге жасаған шабуылы кез келген стандарт бойынша ірі болды, деп хабарлайды портал. Израиль мәліметінше, Тегеран жарылғыш заттары бар 170-тен аса ұшқышсыз ұшақ, 120-ға жуық баллистикалық зымыран және 30-ға жуық қанатты зымыран ұшырған. Зақым жойқын болуы мүмкін еді, бірақ дрондар мен зымырандардың барлығы дерлік ұсталды, деп жазады WSJ порталы.

Дегенмен, АҚШ дереккөздерінің айтуынша, Израиль Иранға жауапты созбайды.

Реклама
Реклама

"АҚШ және батыс шенеуніктері Израиль Иранның шабуылдарына дүйсенбіде тез жауап береді деп күтеді", - деп келтіреді WSJ АҚШ және басқа батыс шенеуніктерінің сөздерін.

Бұған дейін Израиль президенті Ицхак Герцог Sky News арнасына Иранның шабуылын "соғыс жариялау" деп қарастыруға болатынын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная