15 ақпан 2021 17:09

Жәбірленушілер тергеушілердің жұмыс нәтижесін айлап күтеді - Тоқаев

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы басшылары қатысуымен онлайн-режимде өткізген кеңесінде құқық қорғау құрылымдарының іс-қимылдарын үйлестіруді жолға қоюды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы басшылары қатысуымен онлайн-режимде өткізген кеңесінде құқық қорғау құрылымдарының іс-қимылдарын үйлестіруді жолға қоюды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қылмыстық кодексті оңтайландыру жөнінде берген тапсырмасын еске салды. Бас прокуратура бұл жұмысты құқық қорғау органдарымен, арнайы мемлекеттік органдармен және Әділет министрлігімен үйлестіре отырып, атқаруы тиіс. Мемлекет басшысының пікірінше, аталған мәселеде қоғам пікірін, қоғам белсенділері мен сарапшылар ұсыныстарын міндетті түрде ескеру қажет.

"Жедел тергеу аппаратының күшін болмашы құқықбұзушылықтарға жұмсауға болмайды. Қызметкердің жұмысы шаш етектен болған кезде, оған істі рәсімдеп, сотқа жіберген оңай. Ол осыған басымдық береді. Мұндай жағдайда азамат құқықтары мен қылмысқа қарсы нақты күрес екінші орында қалып қояды. Сондықтан елімізде жәбірленушілер тергеушілердің қандай да бір жұмыс нәтижесін айлап күтеді. Тергеу органының кәсіби кадрлармен толық қамтамасыз етілмеуі жағдайды ушықтырып жібереді. Прокуратура барлық құқық қорғау жүйесінің қызметін үйлестіруші ретінде мұндай мәселелерге уақытылы мән беріп, әріптестерімен бірге оны шешуі керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360494/thumb_m/photo_122797.jpeg"
    "title" => "Президент мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/prezident-memlekettk-kyizmetshlerd-kasbi-merekesmen-360494/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360299/thumb_m/photo_122582.png"
    "title" => "Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/news/memleket-basshyisyi-meditsina-kyizmetkerlern-kasbi-360299/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360296/thumb_m/photo_122579.png"
    "title" => "Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/news/tokaev-kazakstandyiktardyi-kurban-ayt-merekesmen-360296/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359743/thumb_m/photo_121984.jpeg"
    "title" => "Тоқаевты Сингапур президенті қалай күтіп алды?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaevtyi-singapur-prezident-kalay-kutp-aldyi-359743/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359070/thumb_m/photo_121248.jpeg"
    "title" => "Мемлекет басшысы шетелде жұмыс істеп жүрген ғалымдарымызды елге шақырды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/memleket-basshyisyi-shetelde-jumyis-step-jurgen-359070/amp/"
  ]
]