ПОДЕЛИТЬСЯ
24 желтоқсан 2020 | 13:55
"Жағдай әлі де қиын" - Бекшин Алматыдағы коронавирус туралы
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артып келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артып келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, 23 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал қиын болып тұр. Жыл басынан бері қалада коронавирус жұқтырудың 17 790 дерегі, ал тамыздан бастап COVID-19-дың белгісі бар 1 349 пневмония дерегі тіркелген.
"Қазаннан бастап ауру жұқтырғандар саны өсіп келеді. Сол айда 366 жағдай, қарашада 1399 жағдай, 23 желтоқсанда 1 635 жағдай тіркелді.
Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай болжамға сәйкес болып тұр. Сырқаттанушылықтың 1,1 есе өсуін ескере отырып, апта бойынша коронвирусты тіркеу болжамы жасалады: бірінші апта - 420 жағдай, екінші апта - 460 жағдай, үшінші апта - 510 жағдай, төртінші апта - желтоқсан үшін жиынтық мәні бар 560 жағдай оптимистік болжам бойынша 1900 жағдай және пессимистік болжам бойынша 2100 жағдай", - дейді Бекшин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также