27 мамыр 2020 | 11:14

Жағдай жақсармаса карантинді күшейтуге тура келеді - Біртанов

© Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтар қауіпсіздік шараларын сақтамаса карантин шаралары күшейтілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтар қауіпсіздік шараларын сақтамаса карантин шаралары күшейтілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қауіпсіздік шаралары сақталмай, науқастар саны көбейіп, жағдай жақсармаса, әрине, карантин шараларын күшейтіп, қосымша санкциялар енгіземіз. Мұндай шара қолданғымыз келмейді. Кәсіпорындарда, қоғамдық көліктерде санитарлық тәртіпті сақтаудан бөлек, жеке гигиена ережелерін сақтау өте маңызды. Бүгінде маска тағып жүрудің инфекциямен күресте тиімді әдіс екені дәлелденді. Науқастар үшін де, сау адамдар үшін де", - деді министр Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты министр қазақстандықтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады. Біртановтың айтуынша, осыған дейін екі ай бойы карантин күшейтілгендіктен жақсы нәтижеге қол жеткізілді.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9304-ке жетті, 4613 адам айығып, 37 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная