ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қыркүйек 2022 | 10:16
Жағдай қалпына келді - ТЖМ басшысы Қостанай облысындағы өрт жайында
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы орман өртіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы орман өртіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі таңда облыста жағдай қалыпқа келген.
"Қазір жағдай қалыпты. Бүгін түнде Бағаналы ауылындағы жағдай шиеленісіп, Төтенше жағдай министрлігінің күштері мен құралдары ауылды қорғады. Қазіргі уақытта ауылға қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Ильин.
Сондай-ақ, министр төтенше жағдай аймағында аэровизуалды ұшу жүзеге асырылғанын айтты.
"Өртті жою бойынша шаралар қабылданып жатыр. Орман шаруашылығы комитеті мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, сондай-ақ Ішкі істер басқармасы, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның бекітілген күштері жұмыс істеп жатыр", - деді ТЖМ басшысы.
Ильиннің айтуынша, Аманқарағай ауылында қосымша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, желдің салдарынан мезгіл-мезгіл өрттер шығып тұрады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также