ПОДЕЛИТЬСЯ
10 наурыз 2021 | 09:58
Жағдай нашарлады - Алматы әкімдігі
Алматы қаласы әкімдігінде коронавирусқа қатысты жағдайдың нашарлағаны туралы айтылды. Осыған байланысты карантин шаралары сақталуына бақылау күшейтілетіні хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы қаласы әкімдігінде коронавирусқа қатысты жағдайдың нашарлағаны туралы айтылды. Осыған байланысты карантин шаралары сақталуына бақылау күшейтілетіні хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров аудан әкімдіктері басшылығына мониторингтік топтарды көбейтуді тапсырды.
"Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметіне сәйкес, инфекцияның репрезентативтік коэффициенті бірліктен жоғары және соңғы 7 күнде коронавирус жұқтыру көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 47,5 адам болды.
Жаңа тіркелген жағдай бойынша көрсеткіштің 23 пайызы сауда орталықтары мен сауда үйлеріне, 22 пайызы қоғамдық көліктерге тиесілі", - деді әкімдікте.
Алматыда әуежай аумағында санитарлық нормалар сақталуына ерекше назар аударылады. 6 наурызда халықаралық рейстермен келген 517 адамда анықтама болған жоқ. 9 наурызға қараған түні анықтамасы жоқ 200-ден аса жолаушы келді.
Сондай-ақ, санитарлық нормаларды бұзған кафелер мен мейрамханалар анықталды.
"1 наурыздан бастап мониторингтік топтар 800-ге жуық нысанды тексерді, олардың 67-сінде карантин шаралары бұзылғаны анықталды. Анықталған заң бұзу дерегі бойынша заңды және жеке тұлғаларға 8,2 миллион теңгеден аса сомаға 100-ден аса әкімшілік хаттама толтырылды. Карантин шараларын жүйелі түрде бұзғаны үшін сотқа тоғыз материал жолданды: "Мята" лаунж-бары, "Мята" бары, "Поем" караоке-клубы, "Лейла" кафесі, ТОПАЗ ЖК лото-клубы, "Avangard" ойын клубы, "Bacha" бары, "Baqsarai" банкет залы, "Зияева" ЖК.
Алматы әкімдігі тұрғындарды карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды.
Кейінгі тәулікте Алматыда коронавирус жұқтырудың 160 жаңа жағдайы анықталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также