12 маусым 2020 | 13:08

Жағы мен қабырғасы сынған: шымкенттік әйелді соққыға жыққан күдікті ұсталды

Полицейлер Швмкентте екі баланың анасын соққыға жыққан 48 жастағы ер адамды ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер Швмкентте екі баланың анасын соққыға жыққан 48 жастағы ер адамды ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаменті бұл оқиғаның 26 мамырда болғанын хабарлады. 39 жастағы әйелдің дене жарақатын алуына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Реклама
Реклама

"Жедел-тергеу тобы қажет шараларды қабылдап, қылмыс жасаған адамды анықтады. 48 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажет сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жағы мен қабырғасы сынған: шымкенттік әйел оңбай соққыға жығылған

Еске салайық, 26 мамырда Шымкентте әйелге қатысты қылмыс жасалды. Екі баланың анасы. Кешке үйіне жақын жерде шабуыл жасалған болатын. Оны зорлаған және өлтіргісі келген деген болжам бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная