19 наурыз 2020 15:13

Жәкішевтің бостандыққа шыққаннан кейінгі алғашқы суреті пайда болды

Фото:instagram.com/armanzhan

Желіде Мұхтар Жәкішевтің бостандыққа шыққаннан кейінгі алғашқы суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Мұхтар Жәкішевтің бостандыққа шыққаннан кейінгі алғашқы суреті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суретті қазақстандық бизнесмен Арманжан Байтасов Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Реклама
Реклама

"Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығып, үйіне келді", - деп жазған бизнесмен суреттің сипаттамасына.

Байтасов Tengrinews.kz тілшісіне Жәкішевтің үйде Алматыда екенін нақтылады.

Суреттен Арманжан Байтасов, Нұрлан Смағұлов, Болат Әбілов пен Райымбек Баталовты көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Мухтар ДЖАКИШЕВ вышел на свободу и приехал домой!

Публикация от Арманжан Байтасов (@armanzhan) 18 Мар 2020 в 11:49 PDT

Еске салайық, мұның алдында Жәкішевтің бостандыққа шыққаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда ұсталған болатын. Ол жемқорлық үшін 14 жылға сотталған еді. 

2018 жылдың қарашасында Жәкішев Семейдің № 2 сотына да шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген. Мұхтар Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жазуы үшін жаза мерзімінің үштен екі бөлігін өтеуі тиіс болған. Бұл мерзім 2018 жылдың қыркүйегінде өткен. Алайда сот ол өтінішті қанағаттандырған жоқ, себебі ол келтірілген шығынды өтемеген еді - 99,6 миллиард теңге.

Әбден құшақтасатын шығармыз - Мұхтар Жәкішевтің қызы әкесінің босатылуы туралы

Ал 2019 жылдың шілдесінде сотталушы тағы өтініш білдіреді, бірақ сот ол өтінішті те қанағаттандырмады. Ақпанда да Жәкішев дәл осылай өтініш қалдырған еді, алайда ол да қанағаттандырылмады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram