“Жақындасуға мәжбүрлеп, қорқытқан“ - мектеп оқушысы бірнеше айға созылған сұмдық оқиға туралы айтып берді

“Жақындасуға мәжбүрлеп, қорқытқан“ - мектеп оқушысы бірнеше айға созылған сұмдық оқиға туралы айтып берді Фото: depositphotos.com

Желіде Алматы облысында 15 жастағы мектеп оқушысына жүйелі түрде зорлық-зомбылық жасалғанына қатыста дау талқыланып жатыр. Жәбірленуші тараптың мәліметінше, қылмысқа сегіз ер адамның қатысы бар. Өңірлік полиция жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Алматы облысында 15 жастағы мектеп оқушысына жүйелі түрде зорлық-зомбылық жасалғанына қатыста дау талқыланып жатыр. Жәбірленуші тараптың мәліметінше, қылмысқа сегіз ер адамның қатысы бар. Өңірлік полиция жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Жәбірленушінің өкілдері жұртшылыққа үндеу жасап, жантүршігерлік мәліметтерді жариялады. Олардың айтуынша, 16 мен 25 жас аралығындағы сегіз ер адам екі ай бойы 9-сынып оқушысын қорлап келген.

Реклама
Реклама

Мәліметтерге сүйенсек, қыз ата-анасынан айырылған, ағасының отбасында тұрады. Туыстарының айтуынша, мектеп оқушысын қорқытып келген күдіктілер сол ауылдың тұрғындары. Олар түнде қоңырау шалып, бопсалау арқылы үйінен шығуға мәжбүрлеген.

"Бұл жағдай туралы ақпарат алдымен оқушылар арасында тараған. Мектеп директоры хабардар болған соң, қызды шақырып алып, одан егжей-тегжейлі түсініктеме алған. Алайда құқық қорғау органдарына дереу хабарласудың орнына, директор бұл деректі жасырып, тек бесінші күні жәбірленушінің ағасына айтқан. Құқық қорғау органдарына арыз 16 наурызда берілген, бірақ осы уақытқа дейін 8 күдіктінің ешқайсы ұсталған жоқ, олардың арасында мектеп мұғалімдерінің балалары бар", - делінген құқық қорғаушы Инга Иманбайдың мәлімдемесінде.

Жәбірленуші КТК журналистеріне жігіттердің бірі оны бопсалағанын айтып берген. Оның сөзінше, ол мектеп оқушысын өзара байланыстары туралы туыстарына айтамын деп қорқытқан.

"Түнгі үш жарымда бір-екі рет маған телефон соқты. Біріншісінде алған жоқпын. Екіншісінде ағама айтамын дегені есіме түсті де, алдым. "Мен келіп тұрмын, шық" деді. Қорыққаннан шықтым. Бір-екі минуттай әңгіме айттық. Ол кезде нақты не әңгіме, есімде жоқ. Сол кезде маған тисе бастады. Ернімнен сүйді, мойнымнан иіскеді, санымнан ұстады. Мен оны итердім. Итергеннен кейін ол маған "тиіспе" деп айғайлады, бетімнен шапалақпен ұрып жіберді. Машинаның артына итеріп жіберді де, шалбарымды шешіп, өзінің шалбарын шешті...", – деді жәбірленуші КТК журналистеріне.

Полицияның ресми жауабы

Алматы облысының Полиция департаменті қылмыстық іс 19 наурызда қозғалғанын хабарлады. Іс Қылмыстық кодекстің 122-бабы "Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кәмелетке толмаған адам көрсететін жезөкшелік қызметті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметті алу" бойынша сараланған.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталды, олардың екеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған күдіктілер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Полиция өкілдері тергеу барлық тараптың уәжін мұқият тексеріп жатқанын айтып, жәбірленушіге ешкім қысым көрсетіп жатқан жоқ деп сендірді.

"Қылмыстық іс облыс орталығындағы тергеу бөлімшелерінің өндірісіне берілді. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды", - делінген жауапта.

Алматы облысы Полиция департаментінің басшылығы тергеуді ерекше бақылауға алды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама