“Жалақыны күтеміз“. Мәжілісмен бөліп төлеуді жиі қолданаты туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/mazhilis_kz

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек журналистерге әуебилеттерді бөліп төлеу арқылы сатып алатынын және жалақыны күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек журналистерге әуебилеттерді бөліп төлеу арқылы сатып алатынын және жалақыны күтетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында Tengrinews.kz тілшісі депутаттан бөліп төлеуге алған қанша төлемі бар екенін сұрады.

"Мен, мысалы, тіпті әуебилеттерді де бөліп төлеуге аламын. Онда, шамамен 8–9 болатын шығар. Маған Алматымен байланыста болып, барып-келіп, халықпен кездесіп тұруым керек қой. Сондықтан жалақыны күтеміз. Мен бизнестен келген жоқпын, қарапайым заңгермін. Заңгерлік тәжірибемді толығымен аяқтадым. Сол себепті тек жалақыға қарап отырмыз", - деді депутат.

Реклама
Реклама

Базарбектің айтуынша, кейде өңір тұрғындарымен кездесулер өткізу үшін де бөліп төлеуге жүгінуге тура келеді.

"Кейде жалақы болмай қалады. Бірақ мәселелерді шешу керек, бару керек, халықпен кездесу керек. Мысалы, сенбі мен жексенбіде. Тау бөктеріндегі елді мекендерде жағдайлар болып жатады... Кейде тұрғын үй кешендерінің тұрғындары жазып жатады: кездесу керек деп. Сонда мен жұма күні кешке ұшып кетіп, сенбі күні кездесемін", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама