Жалақыны өсіру мен ПТР-тестке өтемақы. Маңғыстаудағы кен орнында әйелдер ереуілге шықты

Қаражамбас кен орнында әйелдер үндеу жасап тұр. © Видеодан скриншот

Қаражанбас кен орнындағы Caspian food компаниясының әйелдер ұжымы ереуілге шығып, Қазақстан Президентіне видеоүндеу жасады. Әйелдер жалақысын екі есе өсіруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдік Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Caspian food кейтеринг компаниясының жұмысшылары ереуілге 4 тамызда шығып, видеоүндеу жасаған.

Олар жалақысын екі есе өсіруді ғана емес, экологиялық проблемаларға байланысты асханаларда сүт өнімдерімен қамтуды, сондай-ақ жолақысы мен ПТР-тестке өтемақы төлеуді талап еткен.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, олар аз қамтылған және отбасының бір ғана мүшесі жұмыс істейтін жанұяларға материалдық көмек беруді талап етті.

Ереуілшілермен кездесуге Caspian food кадр бөлімінің қызметкерлері шықты, олар талапты тыңдап, өтінішті қабылдап, жағдайды реттеуге уәде берді.

Қазіргі уақытта әйелдер Caspian food ЖШС жауабын күтіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама