15 тамыз 2023 | 12:14

Жалаңаш түсірілім: ІІМ Сандуғаш Дүйсенованың ісі туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Сандуғаш Дүйсенова. Фото Facebook-парақшасынан

Ішкі істер министрінің орынбасары журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрінің орынбасары журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында журналистер ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевқа полициядағы түсірілімнің заңдылығы туралы сұрақ қойды. Айта кетейік, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде журналисті ұстау кезінде полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы ақпарат тараған болатын.

"Тараған ақпаратқа келетін болсақ, әңгіме азаматты жеке тінту тәртібі туралы болып отыр. Бұл тергеу әрекеті Қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттеледі, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану. Бұл, біріншіден, ертең азамат өзінен артық нәрсе алынды, жоғалды деп айтпамауы үшін жасалады. Егер адам арнайы бөлімшелерде қалатын болса, оған жарақат салды деп айтпас үшін. Ол жерде мүлде жалаңаш болды дегенге келсек, жоқ. Процедура бір жынысты адамдарды тінтуді қарастырады", - деді Қожаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная