22 қыркүйек 2023 | 10:59

Жалға элиталы пәтер ұсынған: Алматыда алаяқ ұсталды

Фото polisia.kz

Қостанайлық полицейлер жалға баспана ұсынған алматылық алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайлық полицейлер жалға баспана ұсынған алматылық алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанайлық жеке кәсіпкер алаяқтың құрбаны болғанын айтып, полицияға хабарласқан. Ол жарнама сайты арқылы Алматыда элиталы пәтер жалдауды жоспарлаған. Сәйкес жарнаманы тапқан ол болжамды үй иесіне хабарласады. Бірден ақшаны алдын ала төлем ретінде аударған. Алайда аударым түскен бойда оның нөмірі бұғатталып қалады.

Реклама
Реклама

Әйелдің арызы негізінде Қостанай облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі "Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сеніміне қиянат жасау арқылы жасалған алаяқтық" бойынша соталды тергеу амалдарын бастады. Күдіктіні анықтау үшін тергеуші Алматыға шыққан.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталды. Бұл үшін көп жұмыс атқарылуы керек болды, өйткені 20 жастағы алматылық осы фактіден басқа тағы төрт жәбірленушіні дәл осындай жолмен алдап кеткен", – деді Шандос Жанұзақов.

Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная