27 қыркүйек 2023 12:53

Жалған құжатпен алдау: Антикор алматылықтарға үндеу жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматы тұрғыны өзін құқық қорғау қызметкері, жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшісімін деп таныстырып, параға мемлекеттік органдармен мәселені шешуді ұсынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тұрғыны өзін құқық қорғау қызметкері, жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшісімін деп таныстырып, параға мемлекеттік органдармен мәселені шешуді ұсынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты қандай да бір мәселені шешу сылтауымен алаяқтықтың, оның ішінде пара беруге итермелеумен ұштасқан алаяқтықтың жалғасып жатқан жағдайларына назар аударады.

Реклама
Реклама

Антикор мәліметінше, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті 1986 жылы туған қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеуде.

"Ол өзін құқық қорғау органдарының қызметкері, жоғары лауазымды шенеуніктердің көмекшісі ретінде таныстырып, әртүрлі мәселелерді шешу бойынша өз қызметтерін ұсынған. Сондай-ақ, алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы азаматтардың мүлкін аса ірі көлемде жымқырған. Ақшалай қаражат мемлекеттік органдарда оң шешім қабылдатуға арналған", - делінген хабарламада.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, азамат басқа да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін.

"Егер Сіз немесе Сіздің таныстарыңыз күдіктінің әрекетінен зардап шегіп, сондай-ақ тергеу амалдарына пайдалы ақпаратқа ие болса, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке келесі тәсілдердің бірімен хабарласуыңызды сұраймыз:

Департаментке мына мекенжай бойынша хабарласыңыз: Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 15 8 (7272) 78-73-00 немесе 1424 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз 3. Telegram-бот @antikorkz_bot жазыңыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram