Жамаубаев Абай облысындағы өрттің салдарын жоюға жұмсалған қаражатқа қатысты пікір білдірді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Абай облысындағы өрттің салдары бойынша қаржылық есептеулер мен шығындар туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалпы өрт апатының салдарын өтеу бойынша есептеулер әлі жасалған жоқ, себебі өрт әлі соңына дейін сөндірілмеген. Бұл үшін Үкіметтің де, Абай облысының да резерві бар. Нақты сандар шаққанда жариялайтын боламыз", - деп түсіндірді ведомство басшысы Сенат отырысында.

"Осы күнге дейін Абай облысында Үкімет қазынасынан бір теңге де жұмсалған жоқ па" - деп сұрады журналистер.

Реклама
Реклама

"Жоқ. Есептеу жүргізілмегендіктен жұмсалмады", - деді Ерұлан Жамаубаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама