19 сәуір 2022 11:35

Жамаубаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаржыны қайтару туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаржыны қайтару бойынша қозғалған қылмыстық істер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаржыны қайтару бойынша қозғалған қылмыстық істер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірлесе отырып, барлық ақпаратты талдап жатыр. Қаржы мониторингі агенттігіне 8-ге жуық істі тапсырдық, олар соталды тергеу жүргізіп, қажет болған жағдайда қылмыстық іс қозғаған болуы керек", - деді Жамаубаев.

Ол Бас прокуратурада 20-дан астам қылмыстық істі тергеп жатқанын айтты.

Реклама
Реклама

"Шығын көлемі шамамен миллиард долларға бағаланады, бірақ олар (ҚМА - еск.) толығырақ ақпаратты өздері де бере алады", - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Мемлекет басшысына Қазақстаннан заңсыз қаржы шығаруға қарсы жұмыс туралы баяндаған болатын. Оның айтуынша, бүгінде 7 қылмыстық іс тергеліп, 28 миллион долларға бұғат қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram